Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің орынбасары Э.А. Әзімова басшылығымен Сауд Арабиясы Корольдігі Әділет министрлігінің делегациясымен келіссөздер

Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің орынбасары Э.А. Әзімова басшылығымен Сауд Арабиясы Корольдігі Әділет министрлігінің делегациясымен келіссөздер

Ү. ж. 15 сәуірінде Нұр-Сұлтан қ.Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің орынбасары А.Э. Әзімованың басшылығымен Сауд Арабиясы Корольдігі Әділет министрлігінің делегациясымен келіссөздер өткізілді.

Келіссөздер шеңберінде Тараптар Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі Әділет министрліктерінің қызметіне қатысты тәжірибе мен ақпаратпен алмасты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы сот төрелігі саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім бойынша мемлекетішілік рәсімдерді аяқтау мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар мемлекетішілік рәсімдерді аяқтауға қатысты түсіністікке келді, жақын арада екі мемлекеттің Әділет министрліктері арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум жасасуға уағдаласты, сондай-ақ Келісім шеңберінде құқықтық саладағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту мен тереңдетуге үміт білдірді.