Әділет министрлігінің командасы мемлекеттік органдар арасындағы волейбол турнирінде 2-ші орынды иеленді

Әділет министрлігінің командасы мемлекеттік органдар арасындағы волейбол турнирінде 2-ші орынды иеленді

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында бес орталық мемлекеттік органдар: білім, денсаулық сақтау, әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері арасында волейболдан жолдастық турнир өтті. Ұжымда командалық рухты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту турнирдің басты мақсаты болды. Іс-шараны бес министрліктің әдеп жөніндегі уәкілдері ұйымдастырды. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің командасы, 2-орынды Әділет министрлігі, 3-орынды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің әйелдер құрама командасы иеленді. Сонымен қатар, Әділет министрлігінің қызметкерлері Алма Сыдықова мен Мадина Ермековаға «Үздік ойыншы» және «Үздік шабуылдаушы» номинацияларымен марапатталды.