Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы

Ағымдағы жылғы 19 сәуірдегі сағат 11:00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді.

Отырыста мынадай заң жобаларды қарастыру көзделген:   

1. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары бастамашылык еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын және Үкімет қорытындысы жобасын қарастыру (әзірлеуші – Парламент депутаттары);

2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (әзірлеуші – АҚДМ);

3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (әзірлеуші – Еңбекмині);

4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (әзірлеуші – ҰЭМ);

5. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әділет органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (әзірлеуші – ӘМ).

Өткізілетін орны: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, №1056 кабинет.

Журналистерді тіркеу 2018 жылғы 19 сәуір сағат 9.00-ге дейін pressgov@mail.ru. поштасы арқылы жүргізіледі.   Тел: 74-06-01,  74-06-02

ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Тел: 74-06-01,  74-06-02

pressgov@mail.ru