Азамат Есқараев Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының тұрғындарымен кездесті

Азамат Есқараев Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының тұрғындарымен кездесті

Бүгін, Әділет министрі Азамат Есқараев Бәйтерек ауданына барып, азаматтарды әділет саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар туралы ақпараттандыру үшін Переметное кентінің тұрғындарымен кездесті.

Министр кездесуге қатысушыларды заңнаманы дамытудың, зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды күшейтудің, нотариустар мен тіркеу қызметтерінің жұмысын жетілдірудің, оның ішінде цифрландыру саласындағы озық әлемдік тәжірибені қолданудың негізгі мәселелерімен таныстырды.

Кездесу барысында Азамат Есқараев министрлік құқықтық кеңес беру түрінде тегін заң көмегіне кепілдік беретін тұлғалар тобын кеңейткенін хабарлады. Енді аз қамтылған және көп балалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, азаптау құрбандары, 1 және 2 санаттағы мүгедектер, зейнеткерлер тегін кеңес ала алады. Сонымен қатар, олар кәсіпкерлік қызметке қатысты мәселелерден басқа жағдайда соттарда ақысыз заң көмегіне жүгіне алатынын айтты. Адвокаттардан басқа, заң кеңесшілері де осындай көмек көрсете алады. Бұл көптеген азаматтарды тегін көмекпен қамтуға мүмкіндік береді. Осылайша, тек 2022 жылдың өзінде Батыс Қазақстан облысында 8 мыңнан астам азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді деді министр.