Әділет министрі Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді!

Әділет министрі Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен  кездесу өткізеді!

Ағымдағы жылдың 22 ақпанда сағ. 11.20-да  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ғимаратында Әділет министрі Азамат Есқараевтың  Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді (мекен-жайы: Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы, 201).

Іс-шараға белсенділер, Қоғамдық кеңестің мүшелері, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар және  БАҚ өкілдері қатысады.

Азаматтардың  сауалдары, сұрау салулары және ұсыныстары d.zko@bk.ru электрондық поштасы мекен-жайы бойынша қабылданады.