Карантин режимін бұзғандарға қандай жаза қарастырылады
Карантин режимі шеңберінде жарияланған шектеу іс-шаралары тұрғындар мен меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
Төтенше жағдай кезінде карантин режимінің талаптарын сақтамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық кодекс шеңберінде әкімшілік жауапкершілік көзделеді:
- ескерту немесе 26,5 мың теңге мөлшерінде айыппұл;
- немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу (ӘҚБтК-нің 476-бабы).
Сонымен қатар, азаматтар құқық қорғау органдарының заңды талаптарына бағынбағаны үшін мынадай жазаға тартылады (ӘҚБтК-нің 667-бабы):
- 106 мың теңгеге дейінгі мөлшерінде айыппұл;
- немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу.
Сонымен бірге, төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады:
- 5,3 миллион теңгеге дейінгі мөлшерінде айыппұл;
- немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру (ҚР ҚК 379-бабы).
Барлық шектеу іс-шаралары уақытша және инфекцияның таралуын болдырмау үшін ғана қабылданып жатқанын айтып өткен жөн.