
Ағымдағы жылғы 19 сәуірде ҚР Әділет вице-министрі Наталья Пан төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста қарастырылды:
1. ҚР Парламенті депутаттары бастамашылык еткен «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы және Үкімет қорытындысының жобасы (баяндамашылар – Парламент Мәжілісінің депутаты Шавхат Утемисов, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев);
2. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы (баяндамашы – ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова);
3. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы (баяндамашы – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Жылқыбаев) ;
4. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ҚР астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы (баяндамашы – ҚР ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов);
5. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әділет органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы (баяндамашы – ҚР Әділет вице-министрі Наталья Пан).