ТЖ режимін бұзғаны үшін жауапкершілік

ТЖ режимін бұзғаны үшін жауапкершілік

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Карантин режимі мен жүргізілетін санитариялық-эпидемияға қарсы іс- шаралар азаматтарға күнделікті өмірімізге әсер ететін қосымша уақытша міндеттерді жүктейді.

Бұл мәжбүрлі, бірақ қажетті шаралар, оларды орындау COVID-19 салдарын азайтуға мүмкіндік береді, тиісінше азаматтардың осындай шараларды сақтауы оларды қолданудың тиімділігі мен нәтижелілігін арттырады.

Сондықтан біздің азаматтарымыздың назарын келесі мәселелерге аударғымыз келеді.

 

Карантин режимін бұзу және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде белгіленген талаптарды орындамау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Төтенше жағдай кезінде белгіленген талаптарды сақтамайтын адамдарға алдағы уақытта құқыққа қарсы мінез-құлыққа жол бермеу туралы ескертіледі немесе 10 АЕК (26 510 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады (ҚР ӘҚБтК 476-бабы: http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1400000235).

Мысалы, жұмыс режимі «тұтынушыларға дейін жеткізу» қағидаты бойынша уақытша өзгертілген қоғамдық тамақтану объектілерінің иелері немесе қызметі уақытша тоқтатылған азық-түлік емес сауда базарларының иелері осы талаптарды сақтамағаны үшін құқық бұзушылықтың салдарына байланысты айыппұлға немесе қамауға алынады.

Астана мен Алматы аумағынан келу және кету тәртібі бойынша белгіленген шектеулерді бұзу да 10 АЕК (26 510 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК 476-бабы: http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1400000235).

Мұндай құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттаманы ішкі істер органдары немесе санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жасайды, ал істерді соттар қарайды (қашықтықтан).

Ішкі істер органдарының заңды талаптарына бағынбағаны үшін тұлғалар 40 АЕК (106 040 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға тартылатынын хабарлаймыз (ҚР ӘҚБтК 667-бабы: http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1400000235).

Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының заңды ұйғарымдарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген (ҚР ӘҚБтК 462- бабы: http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1400000235).

Мысалы, осындай әрекеттер үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері 100 АЕК (265 100 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілері 200 АЕК (530 200 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілері 500 АЕК (1 325 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға тартылады.

Қажет болған жағдайда сотпен олардың қызметін үш айға дейін тоқтатылуы мүмкін.

Карантиндік стационардан бас тартқан немесе үйде оқшаулау (үй карантині) жөніндегі талаптарды сақтамаған адамдар медициналық мекемелерде күзеттің қарауында ұсталуы мүмкін.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 16 наурыздағы қаулысымен COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында стационарлық және үй карантині енгізілді.

Толық мәтінмен мына жерде таныса аласыз: http://adilet.zan.kz/rus/docs/D20RR000025.

Осы актіде көзделген шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин халықтың және заңды тұлғалардың, меншік нысанына қарамастан орындалуы үшін міндетті.

Мысалы, карантин ішінде карантиндік стационарда болған (14 Күн) адамдарға карантиндеу орнын тастап кетуге рұқсат етілмейді, ал оқшаулау кезінде үйде оқшауланатын адамдарға (14 күн) халықтың жаппай жиналатын орындарына баруға тыйым салынады.

Карантиндік стационардан бас тартқан немесе үйде оқшаулау (үй карантині) жөніндегі талаптарды сақтамаған адамдарды, Сот 15 тәулікке дейінгі мерзімге ішкі істер органдары қызметкерлерінің қорғауымен арнайы немесе медициналық мекемелерде әкімшілік қамауға тартуы мүмкін екендігін хабарлаймыз.

Мұндай құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды ішкі істер органдары немесе санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жасайды, ал істерді соттар қарайды (қашықтықтан).

 

Төтенше жағдай режимі жағдайында халықтың үздіксіз тыныс- тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік және өзге де тауарларға шекті бөлшек сауда бағаларын арттыру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Ішкі сауда субъектілері мұндай әрекеттерді жасағаны үшін 100 АЕК немесе 265 100 теңге мөлшерінде айыппұл салуға тартылады.

Мұндай әрекеттерді қайталап жасау 200 АЕК немесе 530 200 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР ӘҚБК 202 бабы: http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1400000235).

Айыппұлды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) әкімі мен оның орынбасарлары құқылы.

 

Төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбағаны үшін 2 000 АЕК (5,3 миллион теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындаумен қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын қосымша атап өтеміз (ҚР ҚК-нің 379-бабы http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1400000226).

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына, сондай-ақ Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізуге байланысты қосымша құқықтық ақпаратты және құқықтық мәселелерді түсіндіру бойынша кеңесті ҚР ӘМ Құқықтық ақпараттық қызметінің 119 сall-орталығының (бүкіл Қазақстан бойынша стационарлық телефондардан) немесе 58-00-58 (Нұр-сұлтан және Алматы қалалары үшін) нөмірі бойынша ала аласыздар.

Сұрақтар сондай-ақ WhatsApp: нөмірі бойынша + 7 (708) 6935631, сондай-ақ Әділет министрлігінің әлеуметтік желілеріндегі ресми беттерінде қабылданады: @adiletgov (facebook), @adiletgovkz (instagram).

Жиі қойылатын сұрақтар бойынша жауаптар ресми сайтта орналастырылады http://www.gov.kz/memleket/entities/adilet?lang=ru және БАҚ арқылы таратылады.

Денсаулық сақтау министрлігі жанында 1406 немесе +7 7172 76 80 43 Саll-орталығы жұмыс істейді, онда азаматтар коронавирус аурушаңдығы туралы ақпаратты біле алады.

Коронавирустық инфекциямен күресте қабылданатын шаралар бойынша ресми және өзекті ақпаратпен www.coronavirus2020.kz сайтынан танысуға болады.