Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Корея Республикасы Әділет министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Корея Республикасы Әділет министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою

А.ж. 22 сәуірінде Нұр-Cұлтан қаласында Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Әділет министрі М.Б. Бекетаев пен Корея Республикасының Әділет министрі Пак Санг Ги Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Корея Республикасының Әділет министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға (бұдан әрі – Меморандум) жұмыс тәртібінде қол қойды.

Меморандум арқылы ынтымақтастықты келесі жолмен жүзеге асыру көзделген:

– құқықтық көмек көрсету және сот шешімдерін орындау, құқықтық саясатты әзірлеу, заңнаманы әзірлеу барысында ақпаратпен алмасу, сондай-ақ құқықтық саладағы жалпыға бірдей қолжетімді құқықтық актілермен, материалдармен және жарияланымдармен алмасуда;

– сот сараптамасы саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ ведомстволардың қызметімен байланысты ақпараттық технологияларды енгізуде;

– сарапшылар мен басқа мамандарды оқыту және өзара алмасуды ұйымдастыру.