Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі делегациясының «Tashkent Law Spring» I Халықаралық заң форумында қатысуы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі делегациясының «Tashkent Law Spring» I Халықаралық заң форумында қатысуы

2019 жылғы 24-26 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің делегациясы атынан Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры - Р.Қ. Сәрпеков, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Құқықтық мониторинг орталығының аға ғылыми қызметкері – О.С. Қарақожаев,
Сот сараптамасы орталығының сот-сараптамалық мәселелері жөніндегі директордың орынбасары – Р.А. Акбарова «Tashkent Law Spring» I Халықаралық заң форумына қатысты (Өзбекстан, Ташкент қаласы).

Форум жұмысына әлемнің 40 елінен 1 000-нан астам қатысушы, оның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық, ұлттық және шетелдік заңды ұйымдар мен консалтингтік ұйымдар, ғылыми және сараптамалық топтар, сонымен қатар халықаралық «The Legal 500» рейтинг көшбасшылары және басқалар қатысты. Форум жалпы отырыс, 17 секция, 2 дөңгелек үстел және шеберлік сыныбы форматында өтті.

Іс-шара аясында Өзбекстан Республикасының Әділет министрі
Р. Давлетов пен Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры
Р. Сәрпековтың кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Әділет министрі М. Бекетаеватың Форумға қатысуға шақырғаны үшін алғыс білдіріп, сондай-ақ оны жемісті өткізу туралы құттықтау хабарламасы табыс етілді.

Бұдан басқа, Министрлік делегациясы «Мемлекеттік жоспарлау және әкімшілік реформа» атты пікірталас сессиясының жұмысында Сингапур, Малайзия, Ұлыбритания және т. б. елдердің тәжірибесі бойынша мемлекеттік басқару және стратегиялық жоспарлауды жетілдіру жөніндегі мәселелерді талқылауға қатысты.

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Р.К.Сарпеков «Өзбекстанның азаматтық заңнамасын жетілдіру» атты пікірталас сессиясында «Құқықтық жүйелердің конвергенциясы: ағылшын құқығы және Қазақстан құқығы» тақырыбында спикер ретінде баяндама жасады.

Форумға қатысушылар баяндамадан кейін Қазақстанның азаматтық заңнамасын жетілдіру жөніндегі бірқатар бастамаларға қызығушылық танытты және жүргізілген пікірталастардың нәтижесі бойынша қойылған сұрақтарына түбегейлі жауап алды.

Форум бағдарламасы http://tashkentlawspring.uz интернет-ресурсында орналасқан