Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық орталығына келіп түскен ең жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық орталығына келіп түскен ең жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Сұрақтарға жауаптар мүдделі мемлекеттік органдармен

бірлесіп дайындалды.

 

Сұрақ: Дәрі-дәрмектердің бағаларына неге бақылау жоқ?

Шекті бағалар қойылған барлық медициналық препараттарға ҚР заңнамасына сәйкес бақылауда.

Бағалар белгіленген шекті бағадан төмен болуы мүмкін, бірақ одан жоғары емес.

Бұл ретте, бағаны реттеу ережесін бұзған жағдайда субъектінің санатына байланысты 70 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейінгі көлемдегі айыппұл, сонымен қатар, фармацевтикалық қызметке лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Сұрақ: Халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік жүргізушілерін Мемлекеттік шекара арқылы өткізу тәртібі қандай?

Жауап: Халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік жүргізушілерін Мемлекеттік шекара арқылы өткізу мынадай шарттарды ұстанған жағдайларда рұқсат етіледі:

  1. Халықаралық қатынастарда автокөлікпен жүк тасымалдау карантиндік және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаумен жүзеге асырылуы тиіс.
  2. Жүргізушілер, азаматтыққа қарамастан, Мемлекеттік шекараны өту үшін шетелдік төлқұжатты қолдану керек.
  3. Қазақтан Республикасы аумағына кіру үшін өткізу бекетіне келген сәтте (оның ішінде транзит бағытымен) 1a) және 1б) елдері санатының жүргізушілері, сондай-ақ, 1a) және 1б) елдері санатында соңғы 30 тәулік бойы болған басқа мемлекеттердің жүргізушілері жүктерді өткізу автокөлік өткізу бекеттері аумағында карантиндік және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жүргізушіні ауыстыру немесе қазақстандық тартқыштарға ауыстыру жағдайларында рұқсат етіледі.

Ескертпе: 1a) және 1б) елдері санатына Қытай, Иран, Оңтүстік Корея және Италия, Франция, Германия және Испания.

Сұрақ: Коронавирусты анықтау үшін өздігінен талдауды (анализді) қайда тапсыруға болады?

Бүгінгі таңда COVID-19-ға лабораториялық зерттеулер тек қана медициналық көрсеткіштер болған жағдайда ғана жүргізіледі (эпидемиологиялық және клиникалық). Егер де көрсеткіштер болса, материал алынады.

Бұл ретте, қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі тәуекел тобындағы, сонымен қатар, бұдан бұрын ауырған азаматтарды тестілеу алгоритмін жасап, бекітті.

Суық тию ауруларының белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, мұрын бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) үйге дереу жедел жәрдемді шақыру қажет, қосымша сұрақтар бойынша 1406 колл орталығына хабарласуларыңызға болады.

Сұрақ: Жақын уақытта Нұр Сұлтан қаласында неке тіркеуді жоспарлаудамыз, қосымша ақпарат алу үшін қайда хабарласуға болады?

Елдегі төтенше жағдайды және карантин енгізуді ескере отырып, тіркеу мерзімін ұзартуға бола ма?

Жауап: Заңнама неке тіркеу мерзімін дәлелді себептері бойынша ұзартуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, сіздің некені тіркеуге берген өтінішіңіз жойылмайды және неке қию мерзімі бір айға дейін ұзартылады.

Сіз тіркеуші органға неке қию туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы электронды түрде өтініш беруге құқығыңыз бар.

Қосымша ақпараттар мен кеңестерді Құқықтық ақпарат қызметі Call-орталығының (бүкіл Қазақстан бойынша қалалық телефондардан) немесе 58-00-58 (Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары үшін) және Нұр-Сұлтан қаласының Әділет Департаментінен алуға болады: 32- 22-87; 32-32-95.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында «Виртуалды кеңесші» айдары бар, сол жерден де қажетті ақпаратты ала аласыз (http://adilet.zan.kz/rus).

Сұрақ: Елде төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлер форс-мажор фактісін қай жерде растай алады?

Жауап: Пандемияға байланысты шарттық міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі жоқ қазақстандық кәсіпкерлер форс-мажорды куәландыру үшін «Атамекен» ҰКП еншілес компаниясына хабарласа алады.

Қалыптасқан жағдайда кәсіпкерлерге қолдау көрсету және сертификаттар тегін беру туралы шешім қабылданды.

Сыртқы сауда палатасы күшейтілген режимде жұмыс істейді – қажетті құжаттар пакеті болған жағдайда сертификатты беру уақыты 15- тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Форс-мажор куәлігін алу үшін қажетті келесі құжаттар:

Қосымшасы бар жазбаша өтініш:

- заңды тұлға үшін- тіркеу туралы анықтама;

- ЖК үшін ЖК тіркеу туралы куәлік;

- келісім- шарттың, ерекшеліктердің, қосымшалардың, келісім-шартқа қосымша келісімдердің скан-нұсқасы;

- мемлекеттік органдардың төтенше жағдайды тіркеу туралы актілерінің скан-нұсқасы;

Қосымша сұрақтар болған жағдайда сіз «Атамекен» ҰКП байланыс орталығының 1432 нөмірі бойынша хабарласа аласыз.

Сұрақ: Елдегі төтенше жағдай кезінде полицейлер қандай арнайы өкілеттіктерге ие?

Жауап: «Төтенше жағдай туралы» Заңға сәйкес төтенше жағдай енгізілген кезде оның қолданылу кезеңінде:

төтенше жағдай енгізілген жерде жүріп-тұру еркіндігіне, оның ішінде көлік құралдарына шектеулер орнатылады;

жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, жеке тексеру, олардың алып жүретін заттарын, көлік құралдарын тексеру;

төтенше жағдай енгізілген жерге немесе Қазақстан Республикасының аумағына кіруге, сондай-ақ олардан шығуына шектеу қою көзделеді.

Мұндай әрекеттердің жолын кесуді полиция қызметкерлері жүзеге асырады.

Сұрақ: Төтенше жағдай режимі кезінде адамдар мен автомобильдерді тексеруге рұқсат етілген бе?

Жауап: «Төтенше жағдай туралы» Заңға сәйкес төтенше жағдай енгізілген кезде оның қолданылу кезеңінде жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, жеке тексеру, олардың алып жүретін заттарын, көлік құралдарын тексеру түрінде шектеулерді қолдану көзделеді.

Сұрақ: Атқарушылық іс жүргізудің бір жақ тарабы Нұр-Сұлтан қаласынан тыс жерде тұрады.

Карантин жағдайында сот орындаушысының іс-әрекетіне шағымдану мүмкін бе?

Жауап: Сіз шағымдану мәселелері бойынша Жеке сот орындаушылар республикалық палатасының Колл-орталығына мына тел. +7 (717-2) 20-84-64 немесе e-mail: rpchsikz2@gmail.com арқылы хабарласып тиісті консультация ала аласыз.

Бұған қоса Республикалық палатада мына телефондар бойынша «жедел желі» қызмет етеді: +7-775-666-41-00, +7-778-120-53-98 (WhatsApp).

Барлық сот орындаушылардың мәліметтерін мына жерде табасыз

Аумақтық палаталар туралы мәліметтер мына жерде.

Сізге мәлім болуы үшін сот орындаушысының іс-әрекетіне https://office.sud.kz порталында Жоғарғы Соттың ақпараттық жүйесі сот кабинетінің мүмкіндігін пайдалана отырып онлайн режимінде шағымдануға болатынын хабарлаймыз.

Бастапқы бетте «сот ісін жүргізу» бөліміне кіріп, «талап қою арызын беру» жүктемесін таңдау керек.

Әрі қарай нұсқауға сәйкес жасау керек.

Қосымша консультациялар үшін 1401 нөмірі арқылы Колл-орталыққа хабарласуды ұсынамыз (ұялы тел. арқылы тегін).

Сұрақ: Төтенше жағдай кезінде сот орындаушылар өз жұмысын тоқтата тұрса, біз қажетті ақпаратты қалай ала аламыз?

Жауап: Қажетті ақпарат ұялы байланыс арқылы және  https://aisoip.adilet.gov.kz порталының мүмкіндіктерін пайдалана отырып әдеттегідей берілетін болады.

Барлық сот орындаушылардың мәліметтерін мына жерде табасыз

Аумақтық палаталар туралы мәліметтер мына жерде.

Осы портал бойынша қосымша консультация қажет болса мына телефон арқылы Колл-орталыққа хабарласыңыз: +7 (717-2) 955-600.

Сот орындаушылар жұмысы бойынша Жеке сот орындаушылар республикалық палатасының Колл-орталығына мына тел. +7 (717-2) 20-84-64 немесе e-mail: rpchsikz2@gmail.com арқылы хабарласып тиісті консультация ала аласыз.

Бұған қоса Республикалық палатада мына телефондар бойынша «жедел желі» қызмет етеді: +7-775-666-41-00, +7-778-120-53-98 (WhatsApp).

Сұрақ: Соттың шешіміне сәйкес әкесі өз баласымен кездесетін күндер нақ белгіленген.

Төтенше жағдай кезінде бұл кездесулерді тоқтата тұруға болады ма?

Жауап: Төтенше жағдай режимі бола тұрғанымен әкенің өз баласымен кездесу құқығы бар.

Алайда, бұл жағдайда ең бастысы баланың және оған жақын адамдардың денсаулығы.

Баланың әкесі карантин жағдайында онымен кездесетін болса, індеттің таралу қауіпі жоғарылай түсетінін сезінуі қажет.

Сондықтан бұл мәселе індеттің қауіпін төмендету мақсатында баланың анасы мен әкесінің екі жақты келісімі бойынша шешілгені дұрыс.

Дәрігермен де ақылдасқан жөн болады.

Осы мәселе бойынша қосымша консультация қажет болса, Жеке сот орындаушылар республикалық палатасының Колл-орталығына мына тел. +7 (717-2) 20-84-64 немесе e-mail: rpchsikz2@gmail.com арқылы хабарласа аласыз.

Бұған қоса Республикалық палатада мына телефондар бойынша «жедел желі» қызмет етеді: +7-775-666-41-00, +7-778-120-53-98 (WhatsApp).

Барлық сот орындаушылардың мәліметтерін мына жерде табасыз.

Аумақтық палаталар туралы мәліметтер мына жерде.

Сұрақ: Алиментті өндіру жөніндегі атқарушылық құжаттың түпнұсқасын орындатуға ұсынуым келеді.

Карантин жағдайында бұны мен қалай жасай аламын?

Жауап: Біз Сіздің мәселеңізді шешіп беруге жәрдемдесеміз.

Сіздің мәліметтеріңізді Жеке сот орындаушылар республикалық палатасының Колл-орталығына мына тел. +7 (717-2) 20-84-64 немесе e-mail: rpchsikz2@gmail.com арқылы жүберуіңізді сұраймыз.

Бұған қоса Республикалық палатада мына телефондар бойынша «жедел желі» қызмет етеді: +7-775-666-41-00, +7-778-120-53-98 (WhatsApp).

Сізге мәлім болуы үшін электрондық құжат қағаз таспадағы құжатқа теңелген болғандықтан, құжатты Жоғарғы Соттың https://office.sud.kz порталы арқылы немесе Сіз тұратың мекеннің Аумақтық палатасының электрондық поштасына хат жазу арқылы қашықтықтан ұсынуға болатынын хабарлаймыз.

Барлық сот орындаушылардың мәліметтерін мына жерде табасыз.

Аумақтық палаталар туралы мәліметтер мына жерде.

Сұрақ: Аумақтық палата басшысының қарауында жеке сот орындаушы әрекетіне менің шағымым бар.

Төтенше жағдай режиміне орай белгіленген мерзімде маған жауап беріледі ме?

Жауап: Сіздің мәліметтеріңізді Жеке сот орындаушылар республикалық палатасының Колл-орталығына мына тел. +7 (717-2) 20-84-64 немесе e-mail: rpchsikz2@gmail.com арқылы жүберуіңізді сұраймыз.

Бұған қоса Республикалық палатада мына телефондар бойынша «жедел желі» қызмет етеді: +7-775-666-41-00, +7-778-120-53-98 (WhatsApp).

Сізге шағымыңызды қарап жатқан жауапты адамның барлық қажетті мәлеметтері беріліп, жауабыңызды тез арада алуыңызға ықпал етіледі.

Барлық сот орындаушылардың мәліметтерін мына жерде табасыз.

Аумақтық палаталар туралы мәліметтер мына жерде.

Сұрақ: Менің мүлкіме сот орындаушы таққан шектеуді қалай алып тастай аламын?

Жауап: Шектеулер әдеттегі тәртіппен алып тасталынады.

Бұл функция толығымен автоматтандырылғандықтан сот орындаушының қатысуысыз жүзеге асады.

Сіз Post.kz немесе Kaspi.kz мобильдік қосымшалары арқылы қарызыңызды өтей аласыз.

Шектеу автоматты түрде 30 минуттың ішінде шешіледі.

Осы мәселе бойынша қосымша консультация қажет болса, Жеке сот орындаушылар республикалық палатасының Колл-орталығына мына тел. +7 (717-2) 20-84-64 немесе e-mail: rpchsikz2@gmail.com арқылы хабарлуыңызды сұраймыз.

Бұған қоса Республикалық палатада мына телефондар бойынша «жедел желі» қызмет етеді: +7-775-666-41-00, +7-778-120-53-98 (WhatsApp).

Барлық сот орындаушылардың мәліметтерін мына жерде табасыз.

Аумақтық палаталар туралы мәліметтер мына жерде.

Сұрақ: Мен сот орындаушыға ай сайын қарызды өтегенімді растайтын түбіртекті жіберіп тұрамын.

Карантин жағдайында бұны қалай жүзеге асырамын?

Жауап: https://aisoip.adilet.gov.kz порталында «тараптар кабинеті» бар.

«Атқарушылық іс жүргізулер» атты бөлімде Сіз өз түбіртектеріңізді жүктей аласыз.

Бұл хабарлама автоматты түрде порталға еніп кетеді, ал сот орындаушысы бұл туралы тиісті белгі алады. Осылайша сот орындаушымен кездесудің қажеті жоқ.

Сіздің сот орындаушыңыздың мәліметтері мына жерде.

Аумақтық палаталар туралы мәліметтер мына жерде.

Қосымша консультация қажет болса, Жеке сот орындаушылар республикалық палатасының Колл-орталығына мына тел. +7 (717-2) 20-84-64 немесе e-mail: rpchsikz2@gmail.com арқылы хабарлуыңызды сұраймыз.

Бұған қоса Республикалық палатада мына телефондар бойынша «жедел желі» қызмет етеді: +7-775-666-41-00, +7-778-120-53-98 (WhatsApp).

Сұрақ: Менің атқарушылық құжатым бойынша сот орындаушы кім екенін анықтағы келеді.

Жауап:: https://aisoip.adilet.gov.kz порталының бастапқы бетінде «атқарушылық құжатты табу» функциясы бар.

Тиісті жерде борышкер немесе өндіріп алушының ЖСН/БСН нөмерін толтыру қажет. Жүйе сот орындаушының аты-жөнін шығарып береді.

«Әрекет ететін сот орындаушылар» атты бөлімде Сіз оның қажетті мәліметтерін табасыз (мекен жайы, тел., эл. поштасы).

Аумақтық палаталар туралы мәліметтер мына жерде.

Қосымша консультация қажет болса, Жеке сот орындаушылар республикалық палатасының Колл-орталығына тел. +7 (717-2) 20-84-64 немесе e-mail: rpchsikz2@gmail.com арқылы хабарлуыңызды сұраймыз.

Бұған қоса Республикалық палатада мына телефондар бойынша «жедел желі» қызмет етеді: +7-775-666-41-00, +7-778-120-53-98 (WhatsApp).