
Сұрақтарға жауаптар мүдделі мемлекеттік органдармен
бірлесіп дайындалды.
Сұрақ: Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ағымдағы жылдың 19 наурызынан бастап карантин режимі енгізіледі. Мұндай режимді бұзғаны үшін бүгінгі таңда заңнамада не көзделген?
Жауап: Карантинді енгізу халықтың денсаулығын қорғау және вирустың одан әрі таралуына жол бермеу жөніндегі шара болып табылады.
Карантин режимін қамтамасыз ету және белгіленген шаралар мен шектеулерді сақтау мақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте төтенше жағдайдың жариялануына байланысты режимді бұзғаны немесе мемлекеттік органдардың талаптарын орындамағаны, сондай-ақ жергілікті коменданттың заңды бұйрықтары мен өкімдерін орындамағаны үшін жауапкершілік көзделген.
Мұндай әрекеттер ескерту жасауға немесе 10 АЕК көлемінде (26 510 теңге) айыппұл салуға не 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
Қазіргі таңда, мұндай бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту мәселесі пысықталуда.
Сұрақ: Адамдар коронавирус ауруын жасырған жағдайда қандай жауапкершілік болуы мүмкін?
Жауап: Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзін және басқа адамдардың осы ауруларды жұқтыру қаупін туғызатын олармен байланыста болған адамдарды жасырғаны үшін де 5 АЕК (13 255 теңге) көлеміндегі айыппұл түрінде акімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Қазіргі таңда, мұндай бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту мәселесі пысықталуда.
Сұрақ: Төтенше жағдай кезінде елде бірқатар шектеулер енгізілді.
Атап айтқанда, отбасылық мерейтой, үйлену тойларын өткізуге тыйым салынды. Мұндай шектеулерді бұзған жағдайда қандай жауапкершілік туындайды?
Жауап: Әкімшілік жауапкершілік бар. Мұндай әрекеттер төтенше жағдай режимін бұзу ретінде сараланатын болады.
Мұндай әрекеттер ескерту жасауға немесе 10 АЕК (26 510 теңге) көлемінде айыппұл салуға не 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
Бұл қалаға кіріп-шығудың ерекше режимін бұзу жағдайларына да қатысты .
Қазіргі таңда, мұндай бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту мәселесі пысықталуда.
Сұрақ: Қашықтықтан жұмыс істеу кезінде еңбек төлемі қалай жүзеге асырылады?
Жауап: Тараптардың келісімі бойынша және өндірістік процесс мүмкіндік берген жағдайда карантин кезінде жұмыс беруші қашықтықтан жұмыс істеуді белгілеуге құқылы.
Қашықтықтан жұмыс істеу жұмыс беруші орналасқан жерден тыс жерде жұмыс барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.
Бұл жағдайда, жұмысты жүзеге асыру шарттары, жұмыс уақытын есепке алу, шығыстар тараптардың келісімі бойынша белгіленеді (жұмыс берушінің актісімен, еңбек шартымен), ал еңбек ақы төлеу нақты жұмыс істеген уақыт үшін жүргізіледі.
Сұрақ: Қызметкерлер карантинде болған уақытта еңбек төлемі қалай жүргізіледі?
Жауап: Карантиндегі барлық қызметкерлерге медициналық мекемеде немесе үй оқшаулауында болуына қарамастан уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары беріледі.
Еңбекке уақытша жарамсыздық төлемі заңнамаға сәйкес жүргізіледі. Оның мөлшері 15 АЕК-тен артық емес.
Сұрақ: Толық емес жұмыс күніне көшкен жағдайда еңбек төлемі қалай жүргізіледі?
Жауап: Бұл жағдайда қызметкерге еңбек ақы жұмыс берушінің жұмыс уақытын есепке алу құжатында белгіленген нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.
Бұл ретте, қызметкердің толық емес жұмыс уақыты жағдайында атқаратын жұмысы жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына, еңбек өтіліне және Кодекс, еңбек, ұжымдық келісім-шарт, келісімдермен белгіленген еңбек саласындағы басқа да құқықтарына шектеу қоймайды.
Сұрақ: Мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтықтан жұмыс қалай қолданылады?
Жауап: Мемлекеттік органдардың жұмыс режимі бұрынғыдай болып қалады. Жекелеген қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшкен.
Қызметкерді қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру қажеттілігін жұмыс беруші (мемлекеттік орган) өзі анықтайды.
Қашықтықтан жұмыс істеу кезінде еңбек ақы төлеу мемлекеттік қызметшілер орындайтын жұмыстың сипатына, көлеміне және нәтижелеріне қарай қалыпты еңбек жағдайлары кезіндегі сияқты жүргізіледі.
Сонымен бірге, қашықтықтан жұмыс істеу қызметкер үшін өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлеміне, жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының ұзақтығына, еңбек өтілінің есептелуіне және еңбек саласындағы басқа да құқықтарына шектеу қоймайды.
Сұрақ: Өндірісті тоқтата тұру кезеңінде қызметкерлерге төлем қалай жүргізіледі?
Жауап: Бұндай жағдайда төлем ақы еңбек, ұжымдық келісім-шарттарымен белгіленеді және еңбек ақының төменгі деңгейінде белгіленеді(42 500 теңге).
Алайда, бос тұрып қалу төлемі жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы келісім бойынша еңбек ақының төменгі деңгейінен жоғары болуы мүмкін.
Сұрақ: Төленетін еңбек демалысы қалай беріледі?
Жауап: Кезекті еңбек демалысын беру белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады (демалыстар кестесіне сәйкес немесе тараптардың келісімі бойынша кестеден тыс).
Сұрақ: Салықтарды төлеу бойынша мерзiмді ұзартуды беру тәртібі мен шарттары айтып беріңізші?
Жауап: Салық кодексіне сәйкес салық төлеушіге еңсерілмейтін күш салдарынан зиян келтіру (әлеуметтік, табиғи, техногендік, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар , әскери іс- қимылдар және еңсерілмейтін күштің өзге де мән-жайлары) салықтарды төлеу бойынша кейінге қалдыру үшін негіз болып табылады.
Осы негіз бойынша кейінге қалдырудың қолданылу кезеңінде берешек сомасына өсім есептелмейді.
Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын бір мезгілде төлей отырып, кейінге қалдыру 6 айдан аспайтын мерзімге беріледі.
Кейінге қалдыру салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге және (немесе) банк кепілдігімен беріледі.
Кейінге қалдыру туралы мәселені қарау үшін салық төлеуші тіркеу орны бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына белгіленген нысан бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы салықтық өтінішті ұсынуы қажет .
Құжаттардың тізбесі Салық кодексінің 51-бабының 3-тармағында көрсетілген.
Кейінге қалдыру:
- төлем көзінен ұсталатын салықтар,
- акциздерге,
- ЕЭОЕ-не мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға ҚҚС,
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептелетін салықтар бойынша берілмейді.
Сұрақ: төтенше жағдай кезінде елде салық берешектерін өндіріп алу бойынша қандай да бір кейінге қалдыру шаралары қарастырылған ба?
Жауап: төтенше жағдай кезінде салық берешегін өндіріп алу шаралары Салық заңнамасына сәйкес қолданылады.
"Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бизнесті қолдау үшін шаралар қарастыруда.
Сұрақ: төтенше жағдай кезінде елде салық берешектерін өндіріп алу бойынша қандай да бір кейінге қалдыру шаралары қарастырылған ба?
Жауап: төтенше жағдай кезінде салық берешегін өндіріп алу шаралары Салық заңнамасына сәйкес қолданылады.
"Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бизнесті қолдау үшін шаралар қарастыруда.
Сұрақ: салық декларацияларын тапсыру мерзімі ауыстырыла ма?
Жауап: төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін салық есептілігінің мынадай нысандарын электронды түрде ұсыну мерзімі ұзартылады:
1) корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00, 110.00, 150.00 нысандар));
2) жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00, 240.00 нысандар));
3) жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация (230.00 нысан));
4) көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация (700.00 нысан);
5) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация (870.00 нысан););
6) жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00 нысан));
Сұрақ: төтенше жағдай және карантин кезінде әділет органдарының жұмыс тәртібі қандай?
Жауап: Әділет органдарының әдеттегідей жұмыс істейді. Жекелеген қызметшілер ғана қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылды. Сонымен қатар, әділет органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің көпшілігі электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылатының естеріңізге салай кетейік.
Сұрақ: төтенше жағдай кезінде атқарушылық құжаттарды орындау тәртібі қандай?
Жауап: Атқарушылық құжаттарды орындау тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес әдеттегі тәртіппен орындалады.
Сонымен бірге атқарушылық әрекеттерді жасауды қиындататын немесе мүмкін емес ететін мән-жайлар болған кезде өндіріп алушы немесе борышкер, не сот орындаушысы істі қараған соттың алдына немесе орындау орны бойынша соттың алдына орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы мәселе қоюға құқылы.
Сот орындауды кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту, сондай-ақ берілген сомаларды индекстеу туралы мәселені атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініші бойынша шешеді.
Сұрақ: атқарушылық іс жүргізу тараптары Нұр-Сұлтан қаласынан тыс жерде болса, карантин жағдайында сот орындаушысының іс-әрекетіне қалай шағымдануға болады?
Жауап: Жоғарғы Сот ақпараттық жүйесінің Сот кабинетінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып шағымдануға болады.
Сұрақ: егер сот орындаушы өз жұмысын ТЖ режимі кезеңінде тоқтатса, біз қажетті ақпаратты қалай аламыз?
Жауап: ақпаратты ұсыну штаттық режимде ұялы байланыс арқылы және сот орындалуының ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Сұрақ: төтенше жағдай кезінде Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өту тәртібі қандай?
Жауап: Төтенше жағдай режимі кезінде елдің аумағына кіру және одан шығу шектелген. Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары ғана елге кіре алады.
Шектеулер тек шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты қолданылада.