ҚР Әділет министрлігінің атына соңғы кездері заңды тұлғалардың тарапынан қаланың қайта өзгеруіне байланысты көптеген сауалдар түсуде.
«Құқықты актілер туралы» Заңы 43-бабының 3-тармағына сәйкес азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын нормативтік құқықтық актілердің кері күші болмайды. Осы орайда келесіні хабарлаймыз:
• заңды тұлғалардың ресми құжаттарында Елорданың бұрынғы атауы өзінің заңды күшін жоймайды;
• қала атауының өзгертілуі заңды тұлғаларға әділет органдарын қала атауының өзгеруі жөнінде, құрылтай және құқық белгілеуші құжаттарын (жарғыны, сатып алу-сату шартын және т.б.) қайта рәсімдеу бойынша міндеттемелерді жүктемейді.
Құжаттарды ауыстыру кезең-кезеңмен, олардың қолдану мерзімі аяқталу немесе олардың күші жойылған жағдайында өтеді.
Осыған орай, құжаттарда елорданың бұрынғы атауын көрсету, оның заңсыздығын айқындамайды.
Мемлекеттік сатып алулар, электрондық сауда-саттықтарда және т.б. заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарында қаланың бұрынғы атауы бойынша заңдылығын білу үшін, олардың ұйымдастырушыларына жүгінуіңізді сұраймыз.