Әділет министрлігінің еріктілері құқықтық мәселелер бойынша кеңесті онлайн режимде беруге көшті

Әділет министрлігінің еріктілері құқықтық мәселелер бойынша кеңесті  онлайн режимде беруге көшті

Әділет министрлігі Еріктілер жылы аясында азаматтарға тегін заң көмегін көрсету бойынша іс-шараларға студенттерді тарту мақсатында арнайы жоспар әзірледі.

Еліміздің 36 Жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы тиісті меморандумдарға қол қойылды. Осылайша, 1 500-ге жуық студент-еріктілер мен Заң факультетінің магистранттары азаматтарға құқықтық көмек көрсету бойынша еріктілер жұмысына тартылды.

Жалпы, жыл басынан бері республика бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылды, онда 3 000-ға жуық азамат кеңес алды.

Бұдан бұрын, аумақтық әділет органдары студенттерге арналған оқыту семинар-тренингтерін өткізді. Оқу қорытындысы бойынша олар адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылармен бірлесіп халыққа тегін заң көмегін көрсетті. Мұндай іс-шаралар ірі сауда орталықтарында, Халыққа қызмет көрсету орындарында, дағдарыс орталықтарында, бас бостандығынан айыру орындарында ұйымдастырылды.

Коронавирустың алдын алу мақсатында Еріктілер жылы аясында аумақтық әділет органдарымен бұрын жоспарланған барлық іс-шаралар онлайн режимге көшті. Облыс азаматтарымен барлық кездесулер уақытша тоқтатылды.

Азаматтарға кеңес беру «шұғыл желі» телефондары бойынша көрсетіледі:

  • Нұр-Сұлтан қ. ӘД- 8 (7172) 325522, 58-00-58;
  • Алматы қ. ӘД - 8 (7272) 917990, 3308011, 290206, 3808002;
  • Шымкент қ. ӘД - 8 (7252) 354486, 353164, 353368, 354085, 997207, 338138;
  • Ақмола облысы ӘД – 8 (7162) 25-30-87;
  • Алматы облысы ӘД - 8 (7282) 24-54-86, 87071709390, 87718590066;
  • Ақтөбе облысы ӘД – 8 (7132) 563080, 8(7132)544246;
  • Атырау облысы ӘД – 8 (7122) 357538, 357537;
  • Батыс Қазақстан облысы ӘД - 8 (7112) 515077; 
  • Жамбыл облысы ӘД - 8 (7262) 436426;
  • Қарағанды облысы ӘД - 8 (7212) 410514, WhatsApp +77781080757;
  • Қызылорда облысы ӘД - 8 (7242)231009;
  • Қостанай облысы ӘД – 8 (7142) 547803, 990041;
  • Маңғыстау облысы ӘД - 8(7292)302010, 302007;
  • Павлодар облысы ӘД - 8(7182) 32-67-04;
  • Солтүстік Казақстан облысы ӘД – 8 (7152)332380;
  • Түркістан облысы ӘД - 8 (7253) 35 96 97;
  • Шығыс Қазақстан облысы ӘД - 8 (7232) 70-41-59.

 

Сонымен қатар, азаматтарға құқықтық кеңес аумақтық әділет органдарының әлеуметтік желілері арқылы да көрсетіледі.

Еріктілер қызметіне қатысқан барлық еріктілерге, сондай-ақ заң қоғамдастықтарының өкілдеріне алғыс айтамыз және құқықтық көмек көрсетудің жаңа форматы да халыққа пайдалы болады деп үміттенеміз.