
ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев салтанатты жиында ұжымды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.
Құттықтау сөздерінен кейін ведомство басшысы Әділет министрлігінің 40 - тан астам қызметкерлері мен ардагерлерін, сондай-ақ, адвокаттарды, нотариустарды және жеке сот орындаушыларды "Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін", "Еңбек ардагері" медальдарымен, "Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері", "Әділет органдарының үздігі" төсбелгілерімен, Алғыс хаттармен марапаттады.
Салтанатты жиналысқа Әділет министрлігі 27 сәуірде "Жастар жылы" аясында ұйымдастырған спорттық турнирдің жеңімпаздары да қатысты, олар кубоктармен, медальдармен және Мақтау қағаздарымен марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, Марат Бекетаев қатысқан турнирге 7 команда қатысты (Әділет министрлігінен 4 және КазГЮА-дан 3). Кездесудің мұндай форматы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың қолайлы алаңына айналды.
Іс-шара соңында Марат Бекетаев ұжымды және шақырылған қонақтарды осы айтулы мерекелермен тағы да құттықтап, ашық аспан, бейбіт өмір, бақыт тіледі.


