
Бүгін Әділет министрі А.Н.Есқараевтың төрағалығымен Әділет министрлігінің аппарат кеңесі мемлекеттік тілде өтті.
Кеңесте Құқықтық саясат департаментінің директоры Н.Жамаладин Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының Іс шаралар жоспарының іске асырылуының орындалу барысы туралы есеп берді.
Сондай-ақ, Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің директоры М. Балабеков нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу функцияларын әділет органдарының аумақтық бөлімшелеріне беру туралы мәселесі төңірегінде баяндама жасады.
Сонымен қатар, аппарат кеңесінде Министрлікте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қаралу мәселесі талқыланды.
Аппарат кеңесін қорытындылай келе, Әділет министрі А.Н.Есқараев Министрлік құрылымдарының басшыларына бірқатар тапсырмалар берді, атап айтқанда: