
Halyk Homebank мобильдік қосымшасының көмегімен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (ЖШС) бірінші басшысының ауысқаны туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ хабардар ете алады.
Бұл үшін ЖШС жаңа басшысы Halyk Homebank қосымшасындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде ЭЦҚ арқылы «ЖШС басшысын тағайындау» қызметін таңдайды.
Содан кейін бірінші басшының ауысуын растау үшін өтінімді толтырады, қол қояды және ЖШС құрылтайшысына жібереді.
Құрылтайшыдан растаудың нәтижесі ЖШС жаңа бірінші басшысына келіп түсетін PUSH-хабарлама болып табылады.
Жаңа басшыны тағайындау туралы ақпарат ҚР Әділет министрлігінің және ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің жүйелерінде автоматты түрде өзектендіріледі.
Қызмет тек жалғыз құрылтайшы – жеке тұлға ЖШС үшін ғана іске асырылған.