АНОНС «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы»

АНОНС «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы»

2020 жылғы 26 ақпанда сағат 16:00-де ҚР Әділет министрі                                Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді.

           

Отырыста:

 

  1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен Заң жобасын және оған Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру (әзірлеуші – Парламент Мәжіліс депутаттарының тобы);

 

  1. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты бастамашылық еткен Қазақстан Республикасы Конституциялық заң жобасын және оған Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру (әзірлеуші – Парламент Мәжіліс депутаты);

 

  1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты бастамашылық еткен Заң жобасын және оған Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру (әзірлеуші – Парламент Мәжіліс депутаты).

 

Өткізілетін орны: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, №1057 кабинет.

    Журналистерді тіркеу ағымдағы жылғы 26 ақпан сағат 12.00-ге дейін pressgov@mail.ru. поштасы арқылы жүргізіледі.

 

ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Тел: 74-01-94