БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығана арналған «ҚР Конституциясы: бірлік, тұрақтылық және өркендеу» тақырыбында онлайн-вебинар

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығана арналған «ҚР Конституциясы: бірлік, тұрақтылық және өркендеу» тақырыбында онлайн-вебинар

2020 жылдың 20 ақпанында сағат 11.00-деҚазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат Институты(бұдан әрі – Институт)директоры Сәрпеков Рамазан Құмарбекұлының басшылығымен, студия қонағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңес төрағасының Кеңесшісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Әбішев Хабылсаят Әзімбайұлының қатысуыменҚазақстан Республикасы Конституциясының25 жылдығына арналған «ҚР Конституциясы: бірлік, тұрақтылық және өркендеу»тақырыбындаwww.zan.kz сайтында онлайн-вебинар(бұдан әрі-вебинар) өткізіледі.

Вебинардың мақсаты-Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан Конституциялық реформаларға және олардың Қазақстанның құқықтық дамуының қазіргі кезеңіндегі маңызына қатысты пікір алмасу.

Вебинар барысында билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлудің тиімділігі мен мақсаттарына, экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, ұйымдастырушылық және құқықтық принциптерге, алғышарттарға, іске асыру тәртібіне, сондай-ақ жүргізілген конституциялық реформалар шеңберінде қол жеткізілген нәтижелерге талдау жүргізу жоспарлануда.

Вебинардың соңғы бөлімінде қатысушыларға өздерін қызықтыратын сұрақтарды қою мүмкіндігі беріледі.

Қатысу сұрақтары бойынша 57-51-62, +7-701-12084-06 телефондарына немесе nuri_saulen@mail.ru электрондық мекенжайға хабарласуға болады.