АНОНС «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы»

АНОНС «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі  ведомствоаралық комиссияның отырысы»

2020 жылғы 19 ақпанда сағат 16:00-де ҚР Әділет вице – министрі                                Пан Натальяның төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді.

           

          Отырыста:

  1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен Заң жобасын және оған Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру (әзірлеуші – Парламент Мәжіліс депутаттарының тобы);
  2. «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен Заң жобасын және оған Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру (әзірлеуші – Парламент Мәжіліс депутаттарының тобы);
  3. «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен Заң жобасын және оған Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру (әзірлеуші – Парламент Мәжіліс депутаттарының тобы).

 

 

          Өткізілетін орны: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, №1057 кабинет.

    Журналистерді тіркеу ағымдағы жылғы 19 ақпан сағат 12.00-ге дейін pressgov@mail.ru. поштасы арқылы жүргізіледі.

 

ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Тел: 74-01-94