Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіруді нормативтік қамтамасыз ету

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіруді нормативтік қамтамасыз ету

Азаматтардың мемлекеттік басқаруда қатысуды қамтамасыз ету, Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін ескеру мақсатында ҚР қолданыстағы заңнамасында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау институты көзделген.

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығарушылыққа қатысуы кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қағидаттарының бірі болып табылады.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері арқылы, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, ҚР халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ ҚР қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды әзірлеуге және оларға сараптама жасауға қатысады.

Бұған қоса, «Құқықтық актілер туралы» Заңның 19-бабының 1-тармағына сәйкес әзірлеуші органдар ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптама кеңестеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін, оның ішінде оларды мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырғаны туралы хабарлама жібереді.

Өз кезегінде, ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында бизнес субъектілерінің жобаларды талқылауға қатысуының төмендігін атап өтеміз.

Мысалы, ҚР Әділет министрлігінің қарауына ҚР Ұлттық экономика министрлігімен әзірленген бизнес субъектілерін қаржылық және мүліктік қолдау шараларын одан әрі жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы келіп түскен.

Анықтама:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы.

Жобаның мәтінімен әзірлеуші-органның www.economy.gov.kz  интернет-ресурсында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

Бұл ретте, ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында Жобаны талқылаудың аяқталуы туралы есеппен танысу аталған жобаға тек бір ғана комментарий берілгенін көрсетті.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ақпаратына сәйкес Жобамен импортты алмастыру бойынша нысаналы индикаторды тауар топтары бөлінісінде бекіту, айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттің/қаржылық лимиттің ең жоғары сомасы (5 млн. теңгеден аспайтын) белгілеу, Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде экономиканың неғұрлым түйінді (басым) секторлары бойынша кредиттерді/қаржы лизингін субсидиялау мерзімін -7 жылдан аспайтын мерзім белгілеу, сондай-ақ ШОБ жобаларын қаржыландыруға бюджетті нақты жоспарлау және нарықтық жағдайлар жасау мақсатында сыйақының мемлекетпен субсидияланатын бөлігін белгілеу көзделген.

Бұған қоса, Жезқазған және Қонаев қалаларының кәсіпкерлері үшін қолайлы жағдайларды сақтау мақсатында моно және шағын қалаларда берілетіндерге ұқсас кредит беру шарттарын көздеу ұсынылды.

Жүргізілген заң сараптамасының нәтижесі бойынша ҚР Әділет министрлігімен тиісті қорытынды жолданды.