
ДЭФ ЖБҚИ «Интеллектуалды меншікті қорғау» индикаторын жақсарту мақсатында Әділет министрлігі 2017 жылдың 6-нан 17-мамырына дейін «Контрафакт» республикалық акциясын өткізуде.
Ағымдағы жылдың 13 мамырда Қостанай облысының Әділет департаменті «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасымен және басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, халықты қамту және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау үшін «Кәсіпкерлік және зияткерлік меншік» семинарын өткізді.
Семинарда авторлық құқық және өнеркәсіптік меншік құқықтары мәселелері талқыланды. Кәсіпкерлердің сұрақтарына кешенді жауаптар берілді.