Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының жобаларын жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының жобаларын жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2019 жылғы 15 мамырда «Ашық бюджеттер» интернет-порталында https://budget.egov.kz/budgetprogram/ Әділет министрлігінің 2020-2022 жылдарға арналған келесі бюджеттік бағдарламаларының жобалары жария талқылау үшін орналастырылғанын хабарлайды:

001 «Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету»;

005 «Адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі»;

006 «Заңнамалық актілердің және халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптама»;

009 «Халықты құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету және Бірыңғай құқықтық ақпарат жүйесін жүргізу»;

047 «Төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ төрелікке және сотқа дейінгі дауларды реттеу процесінде мемлекеттің мүдделерін қорғау және білдіру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатысуымен шетелде өткізілетін сот немесе төрелік талқылаулардың перспективаларын бағалау»;

055 «Қазақстан Республикасы Заңнама институтының қызметін қамтамасыз ету»;

059 «Сот төрелігінің секторын институционалды түрде нығайту жобасын іске асыру»;

060 «Сот-сараптама кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау»;

065 «Сот сараптамалары бойынша қызметтер».  

«Ашық бюджеттер» интернет-порталында көпшіліктің талқылауына  орналастырылған жоғарыда көрсетілген бюджеттік бағдарламалар 10 күндей қолжетімді болады.