Цифрландыруға жол: Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Әділет министрліктерінің өкілдері онлайн алаңда кездесу өткізді

Цифрландыруға жол: Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Әділет министрліктерінің өкілдері онлайн алаңда кездесу өткізді

Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Алма Қайратқызы Мұқанова Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің әділет министрлерінің тоғызыншы кеңесіне қатысты.

Кеңес Пәкістан Ислам Республикасының Әділет және құқық министрі Сенатор Азам Назир Тарар төрағалығымен өтті.

Іс-шараға Үндістан Республикасының Құқық және Әділет министрі Кирен Риджиджу, Қытай Халық Республикасының Әділет министрі Тан Ицзюнь, Қырғыз Республикасы Әділет Министрінің орынбасары Бақтияр Сайпидинұлы Орозов, Ресей Федерациясының Әділет Министрінің орынбасары - Статс-хатшы Андрей Викторович Логинов, Тәжікстан Республикасының Әділет министрі Ашуриен Музаффар Курбонмухаммад, Өзбекстан Республикасының Әділет Министрі Ақбар Жұрабайұлы Ташқұлов және  Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысының орынбасары Ерік Сәрсебекұлы Әшімов қатысты.

Достық, ашық және конструктивті өзара түсіністік атмосферасында  қатысушылар өткен жылы енгізілген әділет министрліктерінің қызметіндегі «жаңалықтарды» талқылады,  әділет министрлектерінің құзыретіне жатқызылған салаларды цифрландыру аясында қол жеткізілген нәтижелермен бөлісті, заң қызметтерін көрсету және сот-сараптама қызметі саласын одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті, сондай-ақ құқықтық жүйелерді дамытуға жәрдемдесу мақсатында Шанхай Ынтамақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің әділет министрлектері арасындағы өзара іс қимылды нығайтуды жалғастыруға келісті.