2019 жылдың 8 сәуірі мен 17 мамыры аралығында "Контрафакт" республикалық акциясы өтті.
Акция Әділет министрлігі Ішкі істер, қаржы, мәдениет және спорт министрліктерімен бірлесіп, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың және патенттік сенім білдірілген өкілдердің қолдауымен ұйымдастырылды.
Акция шеңберінде зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелерін түсіндіру үшін "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының аумақтық бөлімшелерін тарта отырып, республикалық конкурстар, дөңгелек үстелдер, интернет-конференция, өнеркәсіптік алаңдарда кәсіпкерлермен кездесулер, Қазақстан аймақтарында семинарлар өткізілді.
Аталған акция Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен халықты кеңінен қамту және контрафактілік өнімдерді тарату проблемасына халықтың назарын аудару мақсатында іске асырылды.
Контрафактілік тауарлардың таралуы адамның денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, автордың, зияткерлік меншік объектісінің құқық иеленушісінің құқықтарын бұзады және мемлекет экономикасына зиян келтіреді.
Осы жылы өткізілген "Контрафакт" республикалық акциясының ерекшелігі жастарды контрафактіге деген қарым-қатынасын көрсету және оның зиянын түсіндіру үшін тарту болды.
Қазақстан Республикасының азаматтары арасында Инстаграмдың әлеуметтік желісі алаңында "Қазақстанда контрафактілік жоқ" атты үздік бейнеролигі үшін республикалық конкурстарды, сондай-ақ 14 пен 16 жас аралығындағы жастар арасында "Зияткерлік меншік және 2050 жылғы Мемлекет моделі" тақырыбында үздік эсселерді өткізуге ерекше назар аударылды.
Іс-шараның қорытындысы ағымдағы жылдың 17 мамырында республикалық конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде шығарылды.
"Зияткерлік меншік және 2050 жылғы мемлекеттің моделі" тақырыбында Үздік эссе Корабельникова Яна Константиновнаның жұмысы танылды.
"Қазақстанда контрафактілік жоқ" қысқа бейнеролик байқауында "Ең мазмұнды бейнеролик" номинациясында Алматы облысы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенті Нұрсипжан Мереке (vine) бейнеролигі танылды, ал "ең көп Көрулер саны" номинациясында Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенті Жаңабай Алмат Жаңабайұлы бейнеролигі (vine) танылды.
Марапаттау рәсімі қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концертпен аяқталды.

