
Қарағанды облысында Pro bono жобасын жүзеге асыру қарқын алуда-ол адвокаттар мен заң консультанттарының қызметін қажетін етушілерге кешенді әлеуметтік өтеусіз заң көмегі. Аталған жұмысты Әділет департаменті азаматтардың жүгінуін қарау тәжірибесін талдау негізінде, жүйелі түрде жүргізеді. Жобаның қатысушыларын таңдау тиісті өлшемдер мен оңтайлы шешімдердің ықтимал жетістіктерін ескере отырып жүргізеді.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Қарағанды облысының облыстық адвокаттар алқасының Орталық заң консультациясының адвокаты А.Н.Исин азаматтық тұлғаның «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Мемлекеттік емес акционерлік қоғамына артық төлеген соманы өндіріп алу туралы талап арызы бойынша істі қарауға қатысты, істі қарау тоқтатылды.
Әділет департаменті 2019 жылдың 5 сәуірде «Нұр Отан» партиясының Қарағанды филиалымен бірлесіп өткізген «Әділет кеңес береді» республикалық акциясын өткізу аясында, қабылдауға келген балаларын жалғыз тәрбиелеп жатқан, көп балалы ана С.В. Панасенкоға адвокат Е.М.Тен тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарын рәсімдеу мәселесі бойынша бірінші сатыдағы сотта мүддесін білдіру бойынша Pro bono көрсетуде.
Адвокат Н.И.Умнова балалар үйінен шыққан А.Реусқа тұрғын үй бойынша кешенді көмек көрсетті.
Сондай-ақ, осы жылдың ақпан айында Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасы мүгедек Р.М. Карычеваның Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданның Мемлекеттік кірістер басқармасына, Қарағанды қаласының Әкімдігіне мемлекеттік органның шешіміне және моральдық шығынды өтеу мәселесі бойынша апелляциялық шағымы қаралды. Бірінші сатыда адвокат Е.Гелетин көмек көрсетті, апелляциялық сатыда адвокат Е.М.Тен қатысты. Карычеваның апелляциялық шағымы қанағаттандырылды.
2019 жылдың 15 мамырда Әділет департаментінің басшысы А.Н.Жусупов мүгедек, азамат Б.Ш.Сүлейменовты жеке қабылдады, онда адвокат В.Ш.Одинаевпен сот процесінің барлық кезеңінде мүліктік құқықтарын қалпына келтіру мәселесі бойынша келісім шарт бекітілді.
Жүргізілген жұмыстардың барысы туралы ақпарат бере отырып Қарағанды облысы Әділет департаменті азаматтарға осы жобаға белсенді түрде қосылуға, Pro bono институтын өзінің мүддесін қорғау үшін қолдануға, сонымен бірге құқықтық қатынастың қатысушылардың жауапкершілігін және тұрғындардың заңдық сауаттылығын арттыруға шақырады.
Қарағанды облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі