КАЗГЮУ Университетінде «Қазақстандағы зияткерлік меншік жүйесі» тақырыбындағы дәріс өтті

КАЗГЮУ Университетінде «Қазақстандағы зияткерлік меншік жүйесі» тақырыбындағы дәріс өтті

2022 жылдың 29 қарашасында Астана қаласында М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде «Қазақстандағы зияткерлік меншік жүйесі» тақырыбында қонақтық дәріс өткізілді.

Дәріс барысында Әділет министрлігінің, аумақтық әділет органдарының, сараптама ұйымы «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының және басқа да мемлекеттік органдардың зияткерлік құқықтарды сақтау және қорғау саласындағы қызметі туралы егжей-тегжейлі түсіндірмелер беріліп, студенттердің осы салаға қатысты сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.

Қонақтық дәріс зияткерлік меншік құқығы департаментінің қызметкерлерімен өткізілді.

Студенттер зияткерлік меншікті дамыту және осы салада мансап құру мәселелерін талқылауға белсенді қатысты.