
Қазақстан Республикасы мен Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның Жоғарғы Комиссары басқармасының 2022 жылғы 21 қарашада Халықаралық құқық және адам құқықтары саласындағы жұмысты үйлестіру департаментінің директоры А. Ехласованың Хулан Цедев ханым бастаған Еуропа және Орталық Азия бойынша Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның Жоғарғы Комиссары басқармасының миссиясымен кездесуі өтті.
Делегация өкілдері Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар туралы және Әмбебап кезеңдік шолу шеңберінде үшінші шолу қорытындысы бойынша БҰҰ-ға қатысушы мемлекеттердің ұсынымдарын орындау жөніндегі жұмыс туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдар және азаматтық қоғаммен бірлесіп жүргізілген жұмыс туралы, оның ішінде осы ұсынымдардың іске асырылу барысы туралы елдің аралық ақпаратын дайындау шеңберіндегі жұмыс туралы хабардар етті. Директор өз сөзінде Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның Жоғарғы Комиссары басқармасы әзірлеген индикаторларды енгізу жөніндегі жұмысты атап өтті.
Хулан Цедев ханым заң үстемдігін қамтамасыз ету аясында жұмыстың маңыздылығын және жүргізіліп жатқан бірлескен жұмыстың тиімділігін атап өтті.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық мәселелерін талқылап, одан әрі жемісті жұмысқа үміт білдірді.
Кездесу достық және жылы жағдайда өтті.