Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтарының жағдайы туралы жыл сайынғы шолуға презентация

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтарының жағдайы туралы  жыл сайынғы шолуға презентация

Әділет министрлігімен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтарының жағдайы туралы жыл сайынғы Шолу дайындалды.

Шолуда адам құқықтары саласындағы соңғы реформалар жайлы ақпарат, өлім жазасын толық жою, Конституциялық соттың жандануы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің конституциялық мәртебесі және сот жүйесін жетілдіру, азаптауға қарсы күрес, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға және т.б. бағытталған бастамаларды қамтитын еліміздің Конституциясына түзетулер туралы ақпарат ұсынылған.

Әділет министрлігімен Шолудың презентациясы Қазақстан Республикасындағы АҚШ, ЕО елдері елшіліктерінің және халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ЕҚЫҰ,БҰҰ АҚБЖКБ ББЖКБ) өкілдеріне өткізілді.

Презентация барысында дипломатиялық корпус Қазақстан Президенті бастамасымен Әділет министрлігі жүргізіп жатқан, оның ішінде әкімшілік юстиция саласын кеңейту, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасын түзету бойынша іс-шаралар бойынша ақпараттанды. Дипломатиялық корпус өкілдерінің сұрақтарына жауап берілді.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтарының жағдайы туралы жыл сайынғы Шолу туралы толық ақпаратты сілтемеден таба аласыздар https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/documents/details/344082?lang=ru

Барлық қатысушаларға алғыс білдіреміз!