Нотариустардың қайтыс болған адамдардың зейнетақы жинақтары туралы мәліметтерді "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БНАЖ) арқылы алуына қатысты

Нотариустардың қайтыс болған адамдардың зейнетақы жинақтары туралы мәліметтерді "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БНАЖ) арқылы алуына қатысты

Жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді алушылардың және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамдардың зейнетақы жинақтарының мұрагерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатамен және БЖЗҚ-мен бірлесіп БНАЖ мен БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимыл жасау үрдісін жетілдіріп, сәйкесінше зейнетақы жинақтары салымшысының (алушының) қайтыс болуына байланысты (жерлеуге және мұрагерлерге) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуды оңайлатты.

Енді мұрагердің(-лердің) келесі ақпаратты алу мүмкіндігі бар:

- қайтыс болған адамның БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда, БЖЗҚ-ға жүгіну, сәйкесінше, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарына мұрагерлік құқығы туралы куәлікті ресімдеу қажеттілігінің жоқтығы туралы;

- егер мұрагер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жерлеуге арналған біржолғы төлемді алмаған, бірақ бұл ретте қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) осындай сома болған жағдайда, зейнетақы жинақтарына мұрагерлік құқығы туралы куәлікті ресімдеу қажеттілігінің жоқтығы және жерлеуге арналған біржолғы төлемді ресімдеу үшін БЖЗҚ-ға жүгіну мүмкіндігі туралы;

- БЖЗҚ-ға жерлеуге арналған біржолғы төлемді ресімдеу үшін жүгіну мүмкіндігі және егер қайтыс болған адамның жерлеуге арналған біржолғы төлем ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сомадан асатын ЖЗШ-ға жинақтары болса, зейнетақы жинақтарына мұрагерлік құқығы туралы куәлікті ресімдеу қажеттілігі туралы.