Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қадағалау жөніндегі ЕҚЫҰ ДИАҚБ халықаралық миссиясының басшысы Уршула Гацекпен кездесті

Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қадағалау жөніндегі ЕҚЫҰ ДИАҚБ халықаралық миссиясының басшысы Уршула Гацекпен кездесті

2022 жылғы 3 қарашада Әділет Министрі К Мусиннің Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қадағалау жөніндегі ЕҚЫҰ ДИАҚБ халықаралық миссиясының басшысы Уршула Гацекпен кездесуі өтті.

Кездесу аясында тараптар Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы кезектен тыс сайлауын өткізу мәселелерін талқылады.

Әділет министрі елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар мен оларды іске асыру барысы туралы миссия басшысына хабарлады.

Президенттің өкілеттік мерзімін қысқарту, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді тіркеу мәселелерін талқылауға ерекше назар аударылды.

Миссия басшысы Министрліктің осы бағыттардағы маңызды рөлін атап өтіп, берілген ақпарат үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде Әділет министрі ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы қызметінің маңыздылығын атап өтіп, Министрліктің миссияның қорытынды есебін дайындау үшін қажетті қосымша мәліметтерді ұсынуға дайын екендігін білдірді.