Әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жетілдіру

Әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жетілдіру

2022 жылғы 31 қазанда Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік Әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын әзірледі.

Тұжырымдама жобалары әкімшілік құқық бұзушылықтар мен азаматтық-құқықтық даулардың кең ауқымын әкімшілік әділет жазықтығына беруге, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексті (бұдан әрі - ӘҚБтК) қоғамдық жұмыстармен толықтыруға байланысты ережелерді қамтиды (мысалы, оны орындау тетігін, сондай-ақ ӘҚБтК-нің оны қолдануға болатын ерекше бөлігінің құрамын анықтау қажет және т.б.).

Сондай-ақ Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс және ӘҚБтК-нің құқық қолдану практикасында одан әрі заңнамалық реттеуді талап ететін бірқатар құқықтық олқылықтар мен қайшылықтар анықталды.

 

Тұжырымдама жобаларының мәтіндерімен келесі сілтемелер арқылы танысуға болады:

  1. https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14273768
  2. https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14273787