«Түпнұсқа өнімнің айрықша ерекшеліктері» тақырыбында «Apple Inc.» компаниясының өкілдерімен вебинар

«Түпнұсқа өнімнің айрықша ерекшеліктері» тақырыбында «Apple Inc.» компаниясының өкілдерімен вебинар

2022 жылғы 2 қарашада онлайн форматта «Apple компаниясының түпнұсқа өнімінің айрықша ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өтті.

Бүгінгі іс-шарада Apple компаниясының брендті қорғау мәселелері жөніндегі бас сарапшысы Харриет Смит құқық қорғау органдарының, аумақтық әділет органдарының, сондай-ақ кеден органдарының өкілдеріне лицензияланған өнімді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін айрықша белгілер туралы айтып берді.

Сондай-ақ, осы вебинарға Apple компаниясының, «ASBIS» (Қазақстан Республикасы аумағындағы Apple ресми дистрибьюторы), «Қазақстанның зияткерлік меншік агенттігі» ЖШҚ (серіктес, шетелдік компаниялармен жұмыс жөніндегі бөлімше басшысы) өкілдері қатысты.

Гарриет Смит өз сөзінде «Apple Inc.» компаниясының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі жаһандық кеңселерінің жұмысын атап өтті, олар өз кезегінде лицензияланбаған өнім өндіруді болдырмау және оларды әлемдік нарыққа шығару мақсатында жұмыс істейді.

Ең үлкен кеңселердің бірі Қытайда орналасқан, онда Apple және Beats контрафактілік өнімдерінің көп бөлігі өндіріледі, сонымен қатар олар АҚШ, Англия, БАӘ және Таяу Шығыс елдерінде жұмыс істейді.

Вебинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.

Мұндай іс-шаралар құқық иесінің құқықтарын тиісті түрде қорғауға және адамның денсаулығы мен өміріне зиян келтіруі мүмкін контрафактілік өнімнің таралуына жол бермеуге мүмкіндік беретінін атап өтеміз.