«Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы»

«Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы»

Ағымдағы жылғы 23 мамырда сағат 15:00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді.

Отырыста:

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (әзірлеуші – БП);

2. «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (әзірлеуші – Қаржымині);

3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (әзірлеуші – ІІМ);

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Үкіметтің қаулы жобасын қарастыру («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының атауын өзгерту мәселесін қарастыру, әзірлеуші – ІІМ).

5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Үкіметтің қаулы жобасын қарастыру («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын енгізу мерзімдерін ауыстыру туралы, әзірлеуші- МСМ) көзделген.

Өткізілетін орны: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, №1056 кабинеті.

Журналистерді тіркеу 2018 жылғы 23 мамыр сағат 12.00-ге дейін pressgov@mail.ru. поштасы арқылы жүргізіледі.   Тел: 74-06-01,  74-06-02

ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Тел: 74-06-01, 74-06-02