
ҚР Әдлет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменті халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және азаматтық қоғамды дамыту мақсатында ағымдағы жылдың соңына дейін ай сайын Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындарында дәрістер өткізеді болады.
28 қазанда Нархоз Университетінде «Халықаралық инвестициялық төрелік» тақырыбында «Herbert Smith Freehills» халықаралық заң фирмасының өкілдерінің қатысуымен ағылшын тілінде дәріс ұйымдастырылды.
Өткізілген дәріс барысында студенттер сұрақтар қойып, үлкен қызығушылық танытты. Өз кезегінде ЖОО басшылығы ҚР Әділет министрлігіне алғысын білдіріп, студенттер үшін осындай пайдалы іс-шараны қайта өткізуге жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді.