ҚазҰӨУ-дегі «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық басқару» дәріс

ҚазҰӨУ-дегі «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық басқару» дәріс

2022 жылғы 28 қазанда Зияткерлік меншік құқығы департаментінің қызметкерлері Қазақ ұлттық өнер университетінің (Шабыт) студенттеріне «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық басқару» дәріс өткізілді.

Бұл іс-шара болашақ өнер және мәдениет қайраткерлеріне авторлық құқықтарын қорғау механизмдері туралы түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған.

Дәріс аясында авторлық құқық және сабақтас құқықтардың пайда болуы, оларды қорғау мерзімдері, сақтау және т.б. мәселелері талқыланды.

Бұдан басқа, білім алушыларға болашақта мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдармен авторлардың құқықтарын басқару тақырыбы түсіндірілді.

Аталған ұйымдардың білім беру тарихы, олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік авторлармен жұмыс бөлігіндегі мәселелер көтерілді.