Тауарлар бағасының жобаларын талқылау бойынша көпшілік тыңдау өтті

Тауарлар бағасының жобаларын талқылау бойынша көпшілік тыңдау өтті

2022 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен  бірлесіп, өндіретін және (немесе) өткізетін ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдас бөліктерін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге), сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласындағы көрсетілетін қызметтерге бағалар жобалары бойынша жария тыңдау өткізді. Іс-шара барысында сала мамандары мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметтерге бағалардың жобаларына түсініктеме мен негіздеме берді.

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдас бөліктерін мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі қызмет және коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы қызмет мемлекеттік монополияға жатқызылған. Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу бойынша функциялар Мемлекеттік корпорацияға берілген болатын.

Мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметтерге бағаларды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті реттейді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына сәйкес әзірленеді.

Қағидаларға және қолданыстағы заңнамаға негіздей отырып, Мемлекеттік корпорация келесі қызметтерге бағалар жобаларын есептеді:

- жылжымайтын мүлік объектілерінің барлық санаттарына МТТ өткізуге өтініштер қабылдау;

- жылжымайтын мүлік объектілерінің, автожолдардың, жағалаулардың, көпірлердің, құбырлардың, электр желілерінің, темір жолдар мен метролардың, жасыл екпелердің, платинаның, бөгеттердің, сәулет ескерткіштерінің, тоғандардың, су айдындарының барлық санаттарындағы жер учаскелерінің МТТ;

- жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортының телнұсқасын беру;

- құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу;

- жұмыстарды жүргізу үшін жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне дейін қайта жол жүру бойынша;

- жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарды (қазыналық кәсіпорындар) мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу;

- заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу;

- орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу;

- шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу;

- заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару;

- мемлекеттік тіркеу, жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың (қазыналық кәсіпорындар) қызметін тоқтатуды тіркеу, есептік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуден шығару;

Қызметтерге арналған уақыт нормалары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленді және Мемлекеттік корпорацияның 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 547 н/қ бұйрығымен бекітілді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келісілді.