Әділет вице-министрінің Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі өтті

Әділет вице-министрінің Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі өтті

А.ж. 27 қазанда Әділет Вице-министрі Ақерке Ахметованың Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен онлайн кездесуі өтті.

Кездесуге өңір тұрғындары, облыстың жергілікті атқарушы және өкілді органдарының, «Amanat» партиясы» ҚБ филиалының, «Атамекен» ҰКП филиалының, облыстың қоғамдық кеңесінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ӘД, ССИ қызметкерлері, Шығыс Қазақстан облысы нотариаттық, жеке сот орындаушыларының мүшелері, адвокаттар алқасы және заң консультанттары палатасы өкілдері қатысты.

Вице-министр кездесуге келген қатысушыларға елімізде жүргізіліп жатқан реформалар, оның ішінде Конституцияға енгізілген түзетулер мен әкімшілік әділетті енгізу нәтижелері, сонымен қатар  а.ж. 1 қыркүйектегі Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауы бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, Әділет министрлігі азаматтардың білікті заң көмегін алу құқықтарын іске асыру кепілдіктерін арттыруға және адвокатура мен заң консультанттар институттарын, сот-сараптама қызметін одан әрі жетілдіруге, оның ішінде сот шешімдерін орындау мен зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қамтамасыз ету шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыспен таныстырды.

Қатысушылар атқарушылық іс жүргізу, заң қызметтерін көрсету, сот сараптамасы саласындағы проблемалық мәселелерді, сондай-ақ оларды шешу жолдарын талқылады.

Кездесу соңында Вице-министр Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Кездесудің барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз.