Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі А. Ахметованың төрағалығымен Халықаралық Энергетикалық Хартияның Бас хатшысымен кездесу өтті

Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі А. Ахметованың төрағалығымен Халықаралық Энергетикалық Хартияның Бас хатшысымен кездесу өтті

2022 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі А. Ахметованың төрағалығымен Халықаралық Энергетикалық Хартияның Бас хатшысы Ги Ленцпен кездесу өтті.

Кездесу барысында Ги Ленц 2022 жылғы 22 қарашада Ұланбатырда өтетін Энергетикалық Хартияның конференциясында жаңғыртылған Энергетикалық Хартияға Шарттың мәтінін алдағы уақытта қабылданатыны жайлы хабардар етті, сондай-ақ Қазақстанның Энергетикалық Хартияның келіссөздер процесіне қатысудағы ерекше рөлін атап өтті.

Қазақстан жосықсыз инвесторлармен төрелік дауларда кездестіретін сын-қатерлерді талқылауға басты назар аударылды.

Кездесу достық жағдайда өтті.