
2022 жылғы 11 қазанда елорданың «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында қазақстан-нидерланды инвестициялық дөңгелек үстелі өтті.
Дөңгелек үстел барысында екі елдің экономикасын дамыту, бизнесті жүргізу үшін жағдайларды әртараптандыруға және жеңілдетуге жәрдемдесу, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, АӨК саласындағы өзара ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Аталған іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, ұлттық холдингтердің, өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одақтың (UPOV) өкілдері, шетелдік сарапшылар мен шетелдік бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел аясында Әділет вице-министрі Ақерке Ахметованың Үкіметаралық одақтың өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау (УПОВ) жөніндегі Бас хатшысының орынбасары Питер Баттонмен кездесуі өтті.
Тараптар Қазақстан Республикасының УПОВ-қа кіруі жөніндегі жұмыстың оң динамикасын атап өтті.
УПОВ-қа кіру ұлттық селекционерлерге УПОВ-қа мүше барлық мемлекеттердің аумағында құқықтық қорғауды алуға мүмкіндік береді, шетелдік инвесторларға өсімдіктер селекциясына және тұқым өндіруге қаражат салу мүмкіндігі беріледі.