Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында Әділет министрлігіне қолданылмайтын немесе сот төрелегінің сапасына кедергі келтіретін жұмыс істемейтін нормаларды алып тастау, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодексіне тексеру жүргізу өкілеттігін жүзеге асыру міндетін қойды.
2022 жылғы 10 қазанда Әділет министрлігі Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру үшін Әділет министрі Қ.С. Мусиннің төрағалығымен қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодексіне ревизия жүргізу мақсатында мемлекеттік органдардың білікті өкілдері мен практиктерінің, жетекші ғалымдардың, практик адвокаттардың қатысуымен кеңес өткізді.
Кеңес шеңберінде одан әрі бірлескен жұмыс туралы уағдаластыққа қол жеткізілді және мемлекеттік органдардың, ғылыми және адвокаттық қоғамдастықтардың алдында тұрған алдағы міндеттер айқындалды, сондай-ақ кеңеске қатысушылардың қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы тексеру жөніндегі ұсыныстары талқыланды.