
ҚР ӘМ Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменті халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және азаматтық қоғамды дамыту мақсатында ағымдағы жылдың соңына дейін ай сайын Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындарында дәрістер өткізетін болады.
27 қыркүйекте М.С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде «III ЮНИСТАЛ жұмыс тобының Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың ережелеріне түзетулері және ұсынылған реформалардың мәртебесі» және "Қамтамасыз ету шаралары – өзгермелі құқықтық ландшафт" тақырыптарына «Reed Smith» халықаралық заң фирмасының өкілдері дәріскер ретінде болған ағылшын тілінде дәрістер ұйымдастырылды. Дәріске ZOOM платформасы арқылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері қосылды.
Сондай-ақ, 28 қыркүйекте «Curtis Mallet-Prevost» халықаралық заң фирмасының өкілдері «Alikhan Bokeikhanov University» Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің студенттеріне «АҚШ юрисдикциясы» тақырыбына онлайн-дәріс өткізді.
Өткізілген дәрістер барысында студенттер сұрақтар қойып, үлкен қызығушылық танытты. Өз кезегінде ЖОО басшылығы ҚР Әділет министрлігіне алғысын білдіріп, оқушылар үшін осындай пайдалы іс-шараны қайта өткізуге жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді.