
2022 жылғы 29 қыркүйекте Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаментімен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, Астана қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы, «Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілдерінің қатысуымен мүлік иелерінің бірлестігін құру және тіркеу тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында ММИБ тіркеуді құру бойынша проблемалық мәселелер, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнамалық жаңалықтар талқыланды.