Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

Ағымдағы жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары М.К. Балабековтің төрағалығымен Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері және орталық меморгандар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының заң қызметтері басшыларының қатысуымен «ZOOM» АЖ арқылы онлайн-режимде мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Отырыста мемлекеттік органдардың Заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарында көздеген заң жобаларын әзірлеушілердің уақтылы енгізуі және әзірлеу, сондай-ақ 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасында көзделген заң жобаларының тұжырымдамаларының жобаларын және реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын уақтылы әзірлеу, талқылау бойынша тиісті шаралар қабылдау бөлігінде өзекті проблемалар көтерілді.

Сондай-ақ, әділет органдары мен прокуратура органдары тарапынан ден қою актілері енгізілген заңсыз НҚА-ны қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру жөніндегі шараларды жергілікті мемлекеттік органдардың уақтылы қабылдамауы бойынша жағдай атап өтілді.

Сонымен қатар, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің  401 және 435-баптарын қолдану тәжірибесі талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың заң қызметтеріне ведомстволық және аймақтық нормашығармашылық сапасын арттыруға және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге бағытталған тиісті ұсынымдар берілді.