
Жұмыс сапары барысында Қанат Мусин құқықтық ақпараттық қызмет мамандарымен ағымдағы жұмыс туралы әңгімелесті. (119). Әңгімелесу барысында тараптар әкімшілік Әділет саласын кеңейту желісі бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Бұдан басқа, жүйені жаңғыртуға бағытталған ағымдағы жағдай бойынша пікір алмасып, ел халқын ақпараттандыру және келіп түскен өтініштерге жедел ден қою керектігі айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында "ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ " ҚР ӘМ-не қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын түзетуді тапсырды.
АНЫҚТАМА: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметі халыққа құқықтық мәселелер, онымен қоса мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тегін консультациялық қызмет көрсетіп, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша көмек көрсетеді.
Қызметкерлер көптеген заңнамалық сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар, атқарушылық іс-жүргізу, заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, апостильдеу сияқты адам өмірінде кездесетін басқа да мәселелерге қатысты маңызды ақпарат таратады.
«Кеңес телефон арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің (http://www.adilet.gov.kz/kk/questions/ask), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының» (http://www.zqai.kz/ru) сайтына хабарласқан азаматтарға беріледі, "Әділет" АҚЖ "Құқықтық кеңес" (https://adilet.zan.kz/kaz/legal_advices) бөлімінде.»