Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою рәсімі

Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою рәсімі

Қазақстан Республикасының аумағында жасалған ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі Қазақстан Республикасының Қорғаныс, білім және ғылым, ішкі істер, қаржы, мәдениет және спорт министрлерінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) Басшысының, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а.  «Апостиль қоюдың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - қағида) сәйкес бірлескен бұйрығымен регламенттелген.

Мемлекеттік қызметті эксаумақтылық қағидаты бойынша Әділет министрлігінің аумақтық органдары (облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету мерзімі – 2 жұмыс күні. Порталда - 1 (бір) жұмыс күні. Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Қағаз нысанда апостиль қою Конвенцияға қатысушы ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан (мекемелерінен), лауазымды адамдарынан немесе нотариустарынан ғана шығатын ресми құжаттардың түпнұсқаларында жүзеге асырылады.

Электрондық форматтағы Апостиль portable Document Format (PDF) файлы түрінде қойылады, онда апостиль уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған ресми құжаттың электрондық немесе сканерленген көшірмесімен бірге болады.

Құжатқа апостиль мөртабаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ  (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы, сондай – ақ  «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі-портал) арқылы тиісті сенімхатпен уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасындағы өкіл жүгінген кезде де қойылуы мүмкін.

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) бекітілген нысан бойынша апостиль қоюға өтініш;

2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) апостиль қоюға жататын құжат (құжаттар түпнұсқада да, нотариат куәландырған көшірмеде де апостиль қою үшін қабылданады);

4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариат куәландырған сенімхат; өз құзыреті шегінде шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілеттік берілген адам берген немесе куәландырған және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекемделген сенімхаттар арнайы куәландыру (заңдастыру немесе апостиль қою) рәсімінен өткеннен кейін ғана (көшірмесімен сәйкестендіру үшін) қабылданады.;

Портал арқылы жүгінген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш;

2) сканерленген көшірме түріндегі апостильдеуге жататын құжат электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

Көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректері өзгерген жағдайда, қосымша растайтын құжаттар қоса беріледі (шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не өз құзыреті шегінде оған арнайы уәкілеттік берілген тұлға берген немесе куәландырған және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген, тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін (заңдастыру немесе апостиль қою) қабылданады.

Сонымен қатар, электрондық қызмет Гаага Конвенциясына қатысушы елдер үшін қолжетімді. Егер ел Гаага Конвенциясына қатысушы болып табылмаса, құжаттарды заңдастыру үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне жүгіну қажет.

Осыған байланысты, шет мемлекетке шығар алдында осы елдің Гаага Конвенциясына қатысушы болып табылатындығын және «апостиль» электрондық  мөртабаны бар электрондық құжатты қабылдау мүмкіндігі туралы алдын ала нақтылауды ұсынамыз.