Баспасөз релизі

Баспасөз  релизі

5 қыркүйекте Ұлт ұстазы, Тіл білімінің атасы, Алаш қайраткері
А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай,  Қазақстан халқы тілдері күні «Ахмет Байтұрсынұлы – тіл білімінің атасы» тақырыбына мәнерлеп оқудан (ZOOM платформасында) Әділет министрлігі қызметкерлерінің балалары арасында байқау өткізілді.

Байқауға Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің балалары арасынан 12 қатысушы белсенділік танытты. Қатысушылар Ахмет Байтұрсынұлының поэзиялық шығармаларын мәнерлеп жатқа оқып берді. Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталып, марапатқа ұсынылды.