БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ ҚР Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті

БАСПАСӨЗ  РЕЛИЗІ ҚР Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті

А.ж. 20 ақпанда Қоғамдық кеңестің төрағасы С.Б. Акылбайдың басшылығымен ҚР Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді.

            Отырыстың жұмысына Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Азимова Эльвира Абылкасымовна және саяси партиялардың, «Жас отан» Жастар қанатының, «Жас ұлан» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, сондай-ақ ғылыми сарапшылар және БАҚ қатысты.

            Қоғамдық кеңес отырысында үш мәселе қарастырылды:

            - «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының жобасын талқылау (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық Заңның жобасы);

            - «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау (бұдан әрі - Саяси партиялар туралы Заңның жобасы);

            - Азаматтардың әділет органдарына өтініштер дайындауы бойынша ұсынымдар жобасын талқылау.

            Сайлау туралы Конституциялық Заңның және Саяси партиялар туралы Заңның жобалары бойынша Заңнама департаментінің директоры О.Қ. Данабеков баяндама жасады. Баяндамаға сәйкес осы заң жобаларында партиялық сайлаушылар тізімдерінде әйелдерге және жастарға 30%-квота енгізу және саяси партияларды құру үшін тіркеу тосқауылын 40 мыңнан 20 мыңға дейін төмендету ұсынылады.    

            Аталған заңдардың жобаларының ережелерін талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері баяндамашыға бірқатар сұрақтар қойды және осы отырыстың қорытындысы бойынша заң жобалары бойынша жұмыс барысында басшылыққа алу үшін ұсынымдар әзірледі.