
2019 жылдың 18 маусымында Әділет министрлігі мемлекеттік органдарға халықаралық шарттарды жасасу, орындау және күшін жою, соның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдерінің ұлтүстілік сипаты бойынша семинар өткізді.
Семинарға мемлекеттік органдардың 40 өкілі қатысты.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары А.М. Айтқалиева «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес халықаралық шарттар жасасу туралы талаптарды түсіндірді.
Өз кезегінде Халықаралық экономикалық интеграция бойынша жобаларды сараптау департаменті директорының орынбасары Ж. С. Сююмбаева Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде халықаралық шарттарды жасасу процедураларын түсіндірді.
Сонымен қатар, семинарға Сыртқы істер министрлігінің өкілі К.Т. Бөкебаев белсенді қатысты, ол халықаралық шарттардың жобаларын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларына енгізу рәсімі туралы айтты.
Сонымен қатар, семинар қатысушыларына халықаралық шарттарды әзірлеу, келісу және жасасу ерекшеліктері, сондай-ақ халықаралық шарттарды ратификациялау және күшін жою кезіндегі іс-қимылдар алгоритмі түсіндірілді.