
2022 жылғы 22 сәуірде өткен Taskent Law Spring II халықаралық заң форумы аясында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі екі елдің министрліктері арасындағы ынтымақтастық бағдарламасын бекітті.
Осы Бағдарламаның бір тармағын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 23 тамызында, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ZOOM платформасында Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдерімен мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың қарізгі жағдайы мен басым бағыттары туралы бірлескен презентация өткізді.
Презентация барысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыстың негізгі бағыттары және осы саладағы жоспарланған жобалар айтылды.
Қорытындысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы іске асырылып жатқан жобалар бойынша мәселелер талқыланып, осы бағытта тәжірибе алмасу бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.